ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сәуір 2023 | 09:43
Маңғыстауда шприц пен дәрі-дәрмек төгілген қоқыс үйіндісі табылды
Маңғыстауда ауыл тұрғыны шприцтер, дәрі-дәрмек пен басқа да медициналық заттар төгілген қоқыс үйіндісін тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстауда ауыл тұрғыны шприцтер, дәрі-дәрмек пен басқа да медициналық заттар төгілген қоқыс үйіндісін тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Батыр ауылының маңында жергілікті тұрғын ондаған пакет дәрі-дәрмек, пайдаланылмаған шприцтер мен ампулалар тауып алған. Ер адам жауапты ұйымдардан қоқыс полигонын жою шараларын қолдануды сұрайды, өйткені ол адамдар мен жайылып жүрген малға қауіп төндіруі мүмкін.
"Бәлкім, бір дәріхана қоқысты осында тастаған шығар. Мүмкін, бұл дәрілердің барлығының жарамдылық мерзімі өтіп кеткен шығар", – дейді ер адам желіде жарияланған видеода.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл жерде малшылар мал бағуға қорқады.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы видеоға қатысты пікір білдірген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также