Кеше | 16:05

Маңғыстауда уланған оқушылар саны 140-тан асты

Фото: lada.kz

Маңғыстауда уланған оқушылар саны 140-тан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда уланған оқушылар саны 140-тан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бесшоқы ауылында оқушылардың жаппай улану оқиғасы тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, 141 бала медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 82 оқушы емханада емделіп жатыр, 43-і үйде дәрігерлердің бақылауында, ал 16 бала ауруханаға жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық қажетті дәрі-дәрмек пен төсек-орын жабдықтары жеткілікті мөлшерде деп хабарлады. Жедел жәрдем бригадалары халыққа шұғыл көмек көрсету үшін толық құрамда жұмысын жалғастырып жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Бесшоқы ауылының №8 мектебінде бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр