ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қаңтар 2023 | 17:37
Маңғыстауда үш баланың анасы үш айдан аса уақыт бойы іздестіріліп жатыр
Маңғыстау облысында үш айдан аса уақыт бойы үш баланың анасы Жәния Абдуллаева іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысында үш айдан аса уақыт бойы үш баланың анасы Жәния Абдуллаева іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.
Жәния Абдуллаева 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Бейнеу ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Кейінірек әйел жоғалған күні Бейнеу-Маңғыстау бағытында пойыз билетін сатып алғаны туралы ақпарат пайда болды.
Туыстары Жәнияны іздеуге жұртшылық пен құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда бүгінге дейін шаралар нәтиже бермеген.
2 қаңтарда ол 28 жасқа толған. Оны үйде үш баласы күтіп отыр.
Жәния Абдуллаеваның жүрген жері туралы мәлімет білетін маңғыстаулықтардан +7 (775) 390-91-85, +7 (705) 289-54-90 немесе "102" телефондарына хабарласу сұралады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также