13 желтоқсан 2020 | 14:20

Маңғыстауда үйрек қаққандардың видеосы: полиция ролик авторларын тапты

Сурет: Tengrinews.kz

Маңғыстау облысының полициясы Каспийдегі жабайы үйректерді қайықпен қаққан балықшылардың кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының полициясы Каспийдегі жабайы үйректерді қайықпен қаққан балықшылардың кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері видеодағы адамдардың жеке басын анықтады. Екі ер адам Түпқараған аудандық полициясында, қазіргі уақытта олармен тергеушілер жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Облыстық ПД мәліметінше, оларға ҚР ҚК-нің "Жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша жаза тағайындалады. Оларға 500 АЕК-ге дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын орындайды. 

Жергілікті балықшылардың жабайы үйректерді моторлы қайықпен қуып, басып өткен видео Желіде пайда болған. Оқиғаға байланысты Экология министрлігі де пікір білдірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная