12 қараша 2021 | 08:51

Маңғыстауда зауыт жұмысшылары ереуілге шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Маңғыстауда цемент зауытының 200-ге жуық жұмысшысы басшылықтан жалақы көтеруді талап етіп ереуілге шықты. Адамдардың айтуынша, олар бұл мәселені ақпан айынан бастап көтеріп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстауда цемент зауытының 200-ге жуық жұмысшысы басшылықтан жалақы көтеруді талап етіп ереуілге шықты. Адамдардың айтуынша, олар бұл мәселені ақпан айынан бастап көтеріп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жұмысшылардың айтуынша, олардың жалақысы қазір 200 мың теңгеге де жетпейді. Ал егер жұмыстан тыс қосымша уақытта жұмысқа шықпаса, одан да аз. Азық-түлік қымбаттап, тіпті өздері өндірген құрылыс материалының құны өссе де, еңбекақы өзгеріссіз қалған. Халық төлемдерін 48 мыңға көбейтуді талап етті. Ал басшылық  жұмысшылардың талабымен келіскен.

Компания келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 193 мың теңгеге дейін көтеруге дайын екенін айтты. Бірақ зауыт жалақыны одан әрі көтере алмайтынын айтқан. Бұл өндірістің тоқтап қалуына әкеледі, өйткені компания да өз өнімінің бағасын себепсіз көтере алмайды. Ал шикізат қымбаттап барады.

Реклама
Реклама

“Жалпы, қызметкерлерімізге жалақы көтеру бойынша екі нұсқа ұсындық. Соның біреуіне тоқталамыз. 2022 жылдың бюджетіне қосымша 150 млн теңге қарастырдық. Бұл сома еңбекақыны көтеруге бағытталады. Жаңа жылдан бастап жұмысшыларымыз ең аз дегенде 193 мың теңге жалақы алады деп жоспарлап отырмыз”, – дейді "Каспий цемент" ЖШС бас директоры Иван Пак.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная