14 желтоқсан 2023 | 17:32

Маңғыстаудағы ереуіл: ҚМГ жұмысшылар талабына қатысты пікір білдірді

Фото:depositphotos.com

"ҚазМұнайГаз" Маңғыстау облысындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"ҚазМұнайГаз" Маңғыстау облысындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 желтоқсанда Маңғыстау облысының Жетібай ауылында "West Oil Software" ЖШС (WOS) өндірістік базасының жанында компанияның қызметкерлері жиналып, мынадай талаптар қойған:

Реклама
Реклама
жалақыны "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесімен (ЕСОТ) теңестіру, материалдық-техникалық базаны жаңарту, ҚМГ еншілес кәсіпорнының штатына ауыстыру.

11 желтоқсанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының соты бұл ереуілді заңсыз деп таныды.

"West Oil Software" ЖШС (WOS) "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ға қарасты екі кен орнында көлік қызметтерін көрсетеді және "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС-нің мердігер компаниясы.

WOS қызметкерлерінің көпшілігі – ҚазМұнайГаздың еншілес мұнай сервис кәсіпорындарының бұрынғы жұмысшылары. 2018 жылы олар "5/50" бағдарламасы арқылы жұмыс берушімен еңбек байланысын өз еркімен тоқтатқан. Оған сәйкес жұмыстан шыққан қызметкер бес жылдық жалақысының 50 пайызын өтемақы ретінде алды. Орташа есеппен бір адамға шамамен 11 миллион теңге көлемінде өтемақы берілді. Осылайша, "ҚазМұнайГазға" қарасты кәсіпорындардың штатына қайта жұмысқа алу туралы талаптар негізсіз болып отыр", - делінген хабарламада.

2023 жылдың ішінде WOS қызметкерлерінің өкілдері "Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС (ОТК, ҚМГ еншілес кәсіпорны) және ҚМГ басшылығымен бірнеше рет кездескен. Сол кездесулерде материалдық-техникалық базаны (көлік техникасын) жаңарту туралы талаптарды қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. "ОТК" ЖШС/ ҚМГ штатына ауыстыру және бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін енгізу туралы талаптар қабылданбайтыны туралы тараптарға айтылды, барлық қатысушы отырыс хаттамасына қол қойғаны айтылды.

WOS жұмысшылары қойған талаптарға қатысты "ҚазМұнайГаз" компаниясы келесідей мәлімдеме жасайды:

"ҚМГ-нің еншілес кәсіпорнының штатына ауыстыруға қатысты. Бұл талапты орындау мүмкін емес. Өйткені WOS қызметкерлерін штатқа қабылдау аймақта есепте тұрған, жұмысқа орналасу кезегін күтіп отырған басқа жұмыссыз тұрғындардың құқығын бұзады.

Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне (ЕСОТ) сай еңбекақы беру. Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі (ЕСОТ) – ҚазМұнайГазға қарасты еншілес компанияларда қолданылатын ішкі жүйе. Бұл жүйе ҚМГ компаниялар тобына кірмейтін ұйымдарда қолданылмайды. "WOS" ЖШС дербес жеке компания болғандықтан, ұйымда бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін енгізу мүмкін емес.

Көлік құралдарын жаңарту. Қазіргі уақытта WOS арнайы техника паркін жаңарту мәселесі басымдыққа ие. 3 жыл ішінде 202 техника бірлігін жаңарту бағдарламасы әзірленді.

Ереуіл салдарынан "Ойл Транспорт Корпорейшэн" компаниясына келетін шығын көлемі күніне 25 миллион теңге болып отыр. Бұл жағдай компанияның қаржылық жағдайына нұқсан келтіріп, тапсырыс беруші алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына мүмкіндік бермей отыр.

"ҚазМұнайГаз" компаниясы "West Oil Software" ЖШС жұмысшыларын еңбек тәртібін бұзбауға, орындалуы мүмкін емес талаптар қоймауға және жұмыстағы міндеттеріне қайта оралуға шақырады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная