ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2022 | 10:48
Маңғыстаудағы мұнай кен орнында жаңа шоғырлар табылды
Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнында қосымша барлау жұмыстары арқылы жаңа мұнай шоғырлары ашылды. Нәтижесінде, мұнай қоры 39,9 миллион тоннаға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз" сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысындағы Өзен кен орнында қосымша барлау жұмыстары арқылы жаңа мұнай шоғырлары ашылды. Нәтижесінде, мұнай қоры 39,9 миллион тоннаға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз" сайтына сілтеме жасап.
Көмірсутегі қорларының артуы компанияның экономикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер ететіні хабарланды.
"2017 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Өзенмұнайгаз" АҚ, "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС және "ҚМГ Инжиниринг" филиалының геологтар тобы Өзен кен орнын жете барлаудың егжей-тегжейлі бағдарламасына бастамашылық етті. Осы бағдарлама шеңберінде 2017-2021 жылдар ішінде 3D (368 шаршы километр) жоғары шешімді сейсмикалық барлау түсірілімі жүргізілді, ұңғымалардың бүкіл қоры (7500-ден астам) қайта пысықталды, геологиялық тұжырымдама қайта қаралды және 3D-геологиялық модель қайта жасалды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша кен орнының құрылымы нақтыланды және мұнайдың жаңа шоғырлары табылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Өзен кен орнының мұнай қоры 8 пайызға көбейді, бұл сандық мәнде алынатын қорлардың 39,9 миллион тоннасын құрайды", - делінген хабарламада.
Ұлттық компания мәліметінше, 2021 жылдың соңындағы көмірсутектердің нақтыланған көлемін Қазақстанның қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы балансқа қабылдады.
Қазіргі уақытта кен орнын игеру жобасы жаңа қорларды есепке ала отырып, оларды өндіріске енгізуді жоспарлай отырып түзетілелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также