20 қыркүйек 2023 | 14:22

Маңғыстаудағы ҰҚК операциясы: ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мен жетекшісі ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полиция органдарының атсалысуымен бопсалауға, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтауға күдікті топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полиция органдарының атсалысуымен бопсалауға, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтауға күдікті топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Операция кезінде көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленген.

Реклама
Реклама

"Қолда бар деректерге сай, олар физикалық түрде жәбір көрсету қауіпімен, облыстық және халықаралық жолдарында жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражаттар талап еткен.

Шабуылға тап болған жәбірленушілер, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқаруда болған Шекара қызметінің әскери қызметкері анықталған", - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен құрықталған тұлғаларға қамауда ұстау түріндегі шарасы қолданылды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная