Маңғыстаулық блогер COVID-19 жұқтырған жүкті әйелдердің жағдайын көрсетті

Маңғыстаулық блогер COVID-19 жұқтырған жүкті әйелдердің жағдайын көрсетті Фото: Азамат Сәрсенбаев

Блогер Маңғыстаудағы перинаталдық орталықтан түсірілген видеоны көрсетті, онда жүкті әйелдер мен босанған әйелдер коронавирус жұқтырып, емделіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогер Маңғыстаудағы перинаталдық орталықтан түсірілген видеоны көрсетті, онда жүкті әйелдер мен босанған әйелдер коронавирус жұқтырып, емделіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде облыстық перинаталдық орталықта 67 адам емделіп жатыр, босанған әйелдердің жартысынан көбінің жағдайы ауыр. Осыдан 2 күн бұрын осы орталықта бір әйел ковидтен қайтыс болды, бақытымызға орай, бала аман қалды. Марқұмның күйеуі де модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының қабырғасында емделген", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

Жарнама
Жарнама

Ол пандемия кезінде жүкті әйелдерге қиын екенін, олар жағдайына байланысты вакцина салдыра алмайтынын айтты. "Ковид пен пневмониямен ОПО-да жатқан көптеген жүкті әйел жақын туыстарынан жұқтырған", - деді блогер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама