Маңғыстаулық жүргізушілер бір-бірін наразылыққа шығуға мәжбүрлеп жатыр - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Маңғыстаулық жүргізушілер бір-бірін жанар-жағармай бағасының өсуіне қарсы ереуілге шығуға мәжбүрлеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстаулық жүргізушілер бір-бірін жанар-жағармай бағасының өсуіне қарсы ереуілге шығуға мәжбүрлеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жүргізушілердің бірі өзге жүк көлігінің тізгіншісін наразылық акциясына қатыспағаны үшін сөгіп, балағаттап, дизель бағасының көтерілуіне қарсы наразылыққа шығуға мәжбүрлейді. Тағы бір видеода жүргізуші өтіп бара жатқан басқа біреуді наразылыққа қатысуға үгіттеп жатыр. Акция Жаңаөзенге баратын жолда өтіп жатқаны айтылған.

Реклама
Реклама

Прокуратураның мәліметінше, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде заңсыз наразылық акцияларына қатысуға шақырған және жүк көліктерінің жүргізушілерін заңсыз митингіге шығуға мәжбүрлеген тұлғалардың материалдары таралып жатыр. Шақыру, ұйымдастыру және заңсыз наразылыққа қатысқаны үшін ӘҚБтК-нің 488-бабы бойынша 25 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жауапкершілік қарастырылған.

"Егер бұл әрекеттер елеулi зиян келтiрсе, онда кiнәлiлер Қылмыстық кодекстiң 400-бабына сәйкес айыппұл салу немесе 200 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде түзеу жұмыстары немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жаза көзделген қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл үшін 200 сағат немесе 50 сағатқа дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.

Жалған және фейк хабарламалар тарату әрекеттері қылмыстық жазаланатын әрекеттер болып саналады және Қылмыстық кодекстің 274-бабы (жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу) бойынша қылмыстық жауапкершілікке апарады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная