Маңғыстау облысында бірқатар компания төрт сағаттық жұмыс уақытына ауысты

Маңғыстау облысында бірқатар компания төрт сағаттық жұмыс күніне ауысты, - деп хабарлайды lada.kz.

Маңғыстау облысы Еңбек басқармасының жетекшісі Әлігер Іңкәровтің айтуынша, мұндай өзгеріс қызметкерлердің құқығын шектемейді. "Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жағдайларын өзгерте алады. Егер кәсіпорында жұмыс көлемі азайып, экономикалық көрсеткіштері төмендесе, ол қызметкерлеріне бір ай бұрын ескерту арқылы толық емес жұмыс күніне ауыса алады", - деді ол.

Іңкәров қазіргі уақытта облыста үлкен қысқартулардың болып жатпағанын айтты. "Кәсіпорындарда толық емес жұмыс күніне өту болып жатыр. Ең бірінші сервис компаниялары зардап шегіп жатыр", - деді ол.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, басқарма басшысының айтуынша, жұмыс берушілер қызметкерлерді жұмыс орнын сақтай отырып, ақысыз демалысқа жібере алады. "Дегенмен ол кейін бұл қызметкерлерге мүмкіндік болған жағдайда жұмыс тауып беруге міндетті", - деді Іңкәров.

"Еңбек кодексінің аясында инспекторлар жұмыстан кету жағдайын тексере алады, дегенмен жұмысты қалпына келтіре алмайды. Жұмысшы сотқа бере алмайды, сонымен қатар, сот шешімімен жұмысын қайтарып ала алмайды", - деді ол.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама