Маңғыстау облысында оқушы өрттен үш баланы құтқарып қалды

8 сынып оқушысы Ғалымжан Күзембаев

Ма??ыстау облысында сегізінші сынып о?ушысы ?рт кезінде ?ш баланы аман алып ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі айма?та?ы ТЖД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында сегізінші сынып оқушысы өрт кезінде үш баланы аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтағы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 7 қарашада Бейнеу ауылында таңғы уақытты болған. Азан Балов көшесіндегі №52 үйде төрт, бес және алты жастағы балалар үлкендердің қарауынсыз қалып қойған. Олар сіріңкемен ойнап отырып, үйді өртеп жіберген.

Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Қожабекованың айтуынша, өрт туралы хабарды көршілері беріпті. Шақыртуға № 6 өрт сөндіру бөлімінің бригадасы жөнелтіліп, олар оқиға орнына келгенде үйдің жанып жатқанын көрген.

Реклама
Реклама

"Өрт кезінде үйде үш бала болған. Көрші үйдің баласы жанып жатқан баспанаға кіріп, балаларды терезеден шығарып алған. Осылайша ол балаларды құтқарып қалды", - деп хабарлады Гүлнара Қожабекова.

Сөйтсек, көрші үйдің баласы Қалдығараев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ғалымжан Күзембаев екен. Ол балалардың өміріне алаңдағанын, сондықтан өртсөндірушілер келгенше күтпей, көмекке асыққанын айтып берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама