Маңғыстауда 14 жастағы жұптың отау құрғаны туралы мәлімет расталмады

Сурет әлеуметтік желіден

Ма??ыстау облысты? ?ділет департаментіні? мамандары ж?не облысты? мешітті? ?кілдері Жа?а?зен ?аласында 14 жаста?ы жас?спірімдерді? ?йленгені туралы м?ліметті жо??а шы?арды, - деп хабарлайды "Лада" басылымы. 

Маңғыстау облыстық Әділет департаментінің мамандары және облыстық мешіттің өкілдері Жаңаөзен қаласында 14 жастағы жасөспірімдердің үйленгені туралы мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды "Лада" басылымы. 

Жаңаөзенде 14 жастағы жұп отау құрды делінген сурет әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы кеңінен тарады. Жазбада былай делінген: "Ақтауда 2003 жылғы балалар үйленді". Алайда бұл мәліметті Маңғыстау облысының ешбір құзырлы органы растап бермеді.

"Заң бойынша біз тек АХАЖ-да тіркелген жұптың некесін қия аламыз. Олардың жас мөлшері 16-дан асуы керек. Сол себепті мұндай жағдайдың мешітте болмағанын сеніммен айта аламын. Менің білетінім, осы суреттегі жігіттің жасы шамамен жиырмада. Маған мұны мешітке келушілердің бірі айтты", - деді имам.

Реклама
Реклама

Желі қолданушылары суреттегі жігіттің 1995 жылғы, ал қалыңдықтың 1996 жылғы екенін жазып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама