Маңғыстауда қызыл кітапқа енген Үстірт арқары видеоға түсіп қалды

Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысының түсірілім тобы сирек кездесетін Үстірт арқарын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" сайтына сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысының түсірілім тобы сирек кездесетін Үстірт арқарын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" сайтына сілтеме жасап. 

Photosafari.kz командасының айтуынша, 12 жыл ішінде түсірілім тобы алғаш рет арқардың құлжасын, яғни еркегін видеоға түсірген. "Ең қиыны мұндай сирек кездесетін жануарды табу. Камераға түсіру қиын болған жоқ. Арқар да, адамдардан қорықпайды екен. Себебі, адамдар бұл жерге сирек келеді. Біз бұл жануарды тамызда видеоға түсірдік", - деді түсірілім тобының мүшесі Константин Кикивидзе. 

Үстірт арқары Қазақстанда аз зерттелген жануарлардың бірі. Маңғыстауда 60-шы жылдарда арқарлар Ақтаудың оңтүстік және солтүстік аймақтарында өмір сүрді. Амал не, қасақылардың арқасында арқардың саны күрт азайып, қазіргі таңда олар мүлдем жоқ болып кеткен. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама