11 қаңтар 2022 | 11:30

"Маңызды қауіпті байқамады". Тоқаев ҰҚК-ні сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені - өздерінің қатыгез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық. (...) Ұлттық қауіпсіздік кеңесі уәкілетті орган ретінде бұл іріткіге нақты баға бере алмады және бергісі де келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке төнген маңызды қауіпті байқамады", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында. 

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталған болатын. ҰҚК мемлекетке сатқындық жасау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастаған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная