01 қазан 2019 | 16:58

Мәнізоровтің ісі әлі сотқа түспеген

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ісі санкция берілуі үшін сотқа келіп түспеген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ісі санкция берілуі үшін сотқа келіп түспеген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ұсталған сәттен бастап 72 сағат ішінде шығарылуы тиіс.

Реклама
Реклама

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, 25 қыркүйекте Мәнізоров іс-сапарға шыққан. Ал оның ұсталғаны туралы ақпарат келесі күні пайда болды. 27 қыркүйек күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Мәнізоровтың ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады.

"Оның іс-әрекеттерін нақты саралау үшін оған қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша айып тағылатыны және оған қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны қарастырылып жатыр", - деді ол.

Сонымег қатар, Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің өкілдері осы іс бойынша бұлтартпау шарасын тағайындау үшін ведомствоға іс түспегенін жеткізді. Алматы облыстық соты да мұндай іс келіп түспегенін айтты. 

Адвокат Елена Жиголенок тергеу соты ұсталған азаматқа қатысты заңнамаға сәйкес қандай бұлтартпау шарасын тағайындауы мүмкін екенін айтты. 

"Оны қамауға алып немесе тергеу изоляторына орналастыруы немесе үйде қамағында ұстауы мүмкін. Сондай-ақ күдіктіні кепілақымен немесе ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберуі мүмкін. Осы санкциялардың бірі үш тәулік өткенге дейін күдіктіге қатысты қолданылуы тиіс", - деді Жиголенок.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная