ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 желтоқсан 2016 19:58
Марат Әлиханов ҚР бас көлік прокуроры болып тағайындалды
Марат Әлиханов ҚР бас көлік прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап.
"2016 жылдың 28 желтоқсанында ҚР бас прокурорының бұйрығымен Әлиханов Марат Тілеуқабылұлы ҚР бас көлік прокуроры болып тағайындалды", - деп хабарлады Нұрділдә Ораз.
Ол бұл қызметке Қарағанды облысының прокуроры болып тағайындалған Ыбырай Тілеуғалиевтің орнына келді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу