08 қараша 2024 | 16:57

Марат Әйтеновтің көлігі алимент қарызын өтеу үшін тәркіленді

Марат Әйтенов. Фото "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі

Шымкенттің экс-әкімі Марат Әйтеновтің ағасынан алимент бойынша қарызын өтеу үшін Mercedes S-Class көлігі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттің экс-әкімі Марат Әйтеновтің ағасынан алимент бойынша қарызын өтеу үшін Mercedes S-Class көлігі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мәліметінше, қарыз 23 миллион теңгеден асады.

"Жеке сот орындаушысы Мұратова Н.К үш балаға алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу барысында борышкердің автокөлігін тәркілеп, тұраққа қойды. Бұл көлік кейін электрон сауда арқылы сатылуы керек", - деп жазады басылым.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Әтешова Instagram-парақшасында көлікті тәркілеген жеке сот орындаушысына алғысын білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Дана Әтешова бұрынғы күйеуі, Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің өзін балаларымен бірге үйінен күштеп қуып шыққанын мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная