ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2020 | 11:03
Марат Иғали Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Марат Иғали Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Марат Иғали Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті ақмолалықтар! Мен үшін туғандай болып кеткен Ақмола облысының өсіп-өркендеуіне сіздермен бірге 3 жылға жуық қызмет ету үлкен мәртебе болды. Қызмет бабымда халықпен ашық болуға тырыстым, бірлескен жұмыс нәтижесінде біз көптеген салаларда оң нәтижелерге қол жеткіздік. Сондай-ақ, киелі Көкше жерінде біраз адамдармен достастым. Бірге қызмет еткен барлық әріптестеріме алғыс білдіремін!", - деп жазған Марат Иғали.
"Барлық жинаған-тоқыған білімімді, тәжірибемді жаңа жауапты қызметте қолдануға тырысамын. Ел және Ақмола облысы басшылығына көрсетілген сенім үшін үлкен рақметімді айтамын!", - деді ол.
Марат Иғали 2018 жылдың тамызында Ақмола облысының индустрияландыру, кәсіпкерлік және инвестициялар мәселелері жөніндегі әкімнің орынбасары болып тағайындалған. Ал бұған дейін бір жыл әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеген.
Показать комментарии
Читайте также