02 қыркүйек 2023 | 11:57

Марат Қарабаев көлік министрі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
gov.kz

Марат Қарабаев жаңа министрліктің басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Марат Қарабаев жаңа министрліктің басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының көлік министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қарабаев Марат Кәрімжанұлы 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.

Реклама
Реклама

2008 жылы Ташкент автомобиль-жол институтын "Ғимараттар мен құрылыстар салу" мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Уорвик (Ұлыбритания) университетін "Өндірісті-жүйелік инженерия" мамандығы бойынша үздік аяқтаған. 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығын тәмамдаған.

2011 жылғы қаңтар-тамыз аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің тағылымдамашысы, сарапшысы, 2011 жылдың тамызынан 2013 жылдың наурызына дейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болды.

2013 жылғы наурыздан қарашаға дейін ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Транзиттік және көліктік логистика департаменті Транзиттік саясат басқармасының басшысы, 2013 жылғы қарашадан 2014 жылғы маусымға дейін ОҚО әкімдігі жанындағы "Максимум" өңірлік инвестициялық орталығы" ЖШС Басқарма Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

2014 жылғы маусымнан 2015 жылғы қазанға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары, 2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы наурызға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы болды.

2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілдеге дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры болды, ал 2019 жылғы маусымда Департаменттің функциялары Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен берілді.

2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы шілдеге дейін ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы, 2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметтерін атқарды.

2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная