26 маусым 2020 | 14:12

Марат Шоранов денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Марат Шоранов денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Марат Шоранов денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Едігеұлы Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Реклама
Реклама

Мұрат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында аспирантураны, Эмори университетінде Роллинс атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін тәмамдаған.

Әр жылдары академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, Семей қаласындағы Радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ ғылыми қызметкері, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері болып қызмет етті.

2006-2008 жылдары академик Б. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы инновациялық бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасарының міндетін атқарушы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2008-2009 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институтының директоры.

2010-2011 жылдары - АҚШ-та Эмори университеті клиникасының жобалар менеджері.

2012-2013 жылдары - Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бас директорының орынбасары, экономикалық зерттеулер орталығының басшысы.

2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде, "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-да, University Medical Center корпоративтік қорында басшылық лауазымдарды атқарды.

2017-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қ.қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная