26 қараша 2019 10:37

Марат Тәжин жаңа қызметке тағайындалды

© Марат Әбілов

Марат Тәжин Қазақстанның Чехиядағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Тәжин Қазақстанның Чехиядағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тәжин 24 наурыздан 18 қыркүйекке дейін мемлекеттік хатшы қызметінде болатын. Оның орнына Қырымбек Көшербаев келген еді.

Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбеде дүниеге келген. Қазақстанның мемлекеттік қызметкері, ҚР бұрынғы сыртқы істер министрі (2007-2009 жылдар аралығында), социология ғылымдарының докторы. 1981 жылы Алматыдағы Халық шаруашылық институтын "экономист" мамандығы бойынша бітірген. Ұлыбританиядағы Лондон университетінде тәжірибе алған. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі қызметін атқарды.

1999-2001 жылдары Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарса, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметіне келген.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram