18 қыркүйек 2019 | 18:32

Марат Тәжин қызметінен босатылды

Марат Тәжин қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Марат Тәжин қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет Басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске салсақ, Марат Тәжин 24 наурызда мемлекеттік хатшы болып Бақытжан Сағынтаевтың орнына тағайындалған. 

Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ол әлеуметтану ғылымдарының докторы. 1981 жылы Алма-ата халық шаруашылығы институтын "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ұлыбританияның Лондон университетінде тағылымдамадан өткен.

1994-1995 жылдары ҚР Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі болған.

1999-2001 жылдары Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болған.

2001 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. Сыртқы істер министрі (2007-2009) және Қазақстанның Ресейдегі елшісі (2014-2017) болған.

Айта кету керек, Марат Тәжин мұның алдында мемлекеттік хатшы қызметінде болған (2013 жылдың 16 қаңтарынан бастап 2014 жылдың 21 қаңтарына дейін).


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная