ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 желтоқсан 2019 12:06
Марғұлан Баймұхан сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды
Марғұлан Баймұхан сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Марғұлан Баймұханның Қазақстанның Польшадағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылғаны айтылады.
Марғұлан Баймұхан 1974 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысында туған. 2013-2015 жылдары Сыртқы саясатты талдау және болжау комитеті төрағасының орынбасары қызметінде болған.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу