ПОДЕЛИТЬСЯ
04 наурыз 2021 | 11:51
Мархабат Жайымбетов Құрылыс істері комитетінің төрағасы қызметінен кетті
Мархабат Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мархабат Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мархабат Жайымбетұлы Жайымбетов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Мархабат Жайымбетов 1965 жылы Қызылорда облысында туған. КСРО Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің Қызылорда политехникумын, Волгоград ауыл шаруашылығы институтын, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Йорк университетін бітірген.
Еңбек жолын энергетик болып бастаған, басшылық қызметтер атқарған, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласының әкімі, Арал ауданының әкімі, ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также