21 қараша 2020 | 15:27

"Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі". Көлгінов дәмханадағы жарылысқа қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтандағы дәмханадағы жарылыс кезінде қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы дәмханадағы жарылыс кезінде қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел желі 24-51-71, 24-51-47 құрылды.

Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырдым", - деді қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтандағы дәмханада жарылыс болып, бір адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Одан бөлек, 33 адам түрлі жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. 

2020 жылдың 21 қараша сында сағат 12:25-те Нұр-Сұлтанның Төтенше жағдай департаментінің кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне дәмхананың бірінде газ баллоны жарылғаны туралы хабар түскен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram