Мас күйде көлік жүргізген: Астана соты Әсел Досаеваға қатысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Мас күйде көлік жүргізген: Астана соты Әсел Досаеваға қатысты мәлімдеме жасады Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Астана соты Әсел Досаеваның оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана соты Әсел Досаеваның оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья мас күйде көлік жүргізді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

"Судьялар сот төрелігін жүзеге асыру кезінде ерекше құқықтық мәртебеге ие. Алайда бұл мәртебе оларды құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы материалдар Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға жолданды. Бас прокуратура қолданыстағы тәртіпке сәйкес судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Жоғары сот кеңесіне ұсыныс енгізеді", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Тәртіптік жауапкершілікке тарту, сондай-ақ, судьяларды іріктеу, тағайындау және қызметтен босату мәселелері дербес мемлекеттік орган - Жоғары сот кеңесінің құзыретіне жатады.

"Тексеріс жүргізіліп жатыр. Судья заң мен қызметтік міндетін бұзса, заң талаптарына сәйкес жазаланады", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, 2 қарашада әлеуметтік желілерде Астанада Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйде көлік жүргізді деген ақпарат тарады. Рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқаны хабарланды. Сараптама нәтижелері бойынша жүргізуші алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама