Мас күйде көлік жүргізген судья: Әсел Досаева қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Мас күйде көлік жүргізген судья: Әсел Досаева қызметінен босатылды Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астана азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаева қызметінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әсел Досаева қызметінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Жоғарғы сот кеңесі хабарлады.

"Жоғарғы сот кеңесі жанындағы Сот жюриінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы шешімі бойынша, Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Ә.К. Досаева судьялық әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып, судья қызметінен босату түріндегі жаза қолданылды", - делінген кеңес мәлімдемесінде.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2 қарашада әлеуметтік желілерде Астанада Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйде көлік жүргізді деген ақпарат тарады. Рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқаны хабарланды. Сараптама нәтижелері бойынша жүргізуші алкогольдік масаң күйде болғаны анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама