Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс депутаттарының мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдету туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс кулуарында ІІМ басшысының орынбасарынан журналистер депутаттардың ұсынысы туралы пікір білдіруін сұрады. Игорь Лепеха мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті жеңілдетуге қарсы екенін айтты.
"Министрліктің ұстанымы – біз рөлге тек сау күйде отыру керек деп санаймыз. Мен мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті жеңілдетуге қарсымын. Сондықтан көлікті тек сау күйде жүргізуге кеңес беремін", – деді Лепеха Мәжіліс кулуарында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!