Мас жүргізуші Қазақстан елшілігінің үш автомобилін соқты

© lifenews.ru

18 шілдеде, сенбі күні Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің үш автомобилі жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды LifeNews. Оқиға Қазақстан елшілігінің маңындағы Чистопрудный желекжолында болды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Skoda автомобилінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, BMW-мен соғысады, кейін дипломатиялық номері бар үш автомобильге соқтығысады. Екі Toyota және бір Honda маркалы автомобиль бүлінді.

"Skoda жүргізушісі мас адамға ұқсады", - деп хабарлады Мәскеу ЖҚҚМИ (Жол қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттік инспекциясы) дереккөзі телеарна тілшілеріне, - ол қазіргі уақытта медициналық куәландырудан өтіп жатыр". Куәгерлердің айтуынша, дипломатиялық ведомствоның маңында болған апаттың салдарынан трамвай жолдары жабылды. 

Реклама
Реклама

Куәгерлердің бірі жолдаған видеоға қарағанда, жол-көлік оқиғасы осыған дейін блогерлер қазақстандық дипломаттардың көліктерін веложолға қойғанын әшкерелеген жерде болыпты. Қазақстан елшілігі әзірге ешқандай да пікір білдірген жоқ. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама