"Мәселе шешілді". Семейдегі ПТР-тест зертханасындағы кезекке қатысты түсініктеме берілді

© elements.envato.com

Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері Семейдегі ПТР-тест зертханадағы кезекке қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері Семейдегі ПТР-тест зертханадағы кезекке қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері кезекке қатысты мәселе шешілгенін айтты. 

"Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде Өскемен және Семей қалаларының тұрғындары зертханаларда уақытылы ПТР-тест тапсыра алмағаны туралы хабар тарады. 2020 жылдың 2 қарашасында сағат 12:00-ге дейін осындай жағдайдың болғаны рас. Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бұл проблеманы реттеп, кезекке қатысты мәселені шешті", - дейді департамент өкілдері. 

Реклама
Реклама

3 қарашадан бастап қосымша екі зертхана ашылады. Жалпы Шығыс Қазақстан облысында 10 клиника зерттеу жүргізеді.  

"Облыс бойынша 298 547 зерттеу жүргізілді. Орта есеппен күніне 2000-2200 зерттеу жасалады", - дейді ұйым өкілдері.

Еске салайық, бүгін Семейдегі ПТР-тест зертханасының алдында ұзын-сонар кезек пайда болғаны хабарланды. Зертханалардағы жағдай көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы шыққаннан кейін басталған көрінеді. 2 қарашадан бастап шығыс қазақстандықтарға жолаушылар пойызы мен ұшаққа ПТР-тестінің нәтижесі болмаса өңірден шығуға тыйым салынған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама