20 қазан 2021 | 18:04

Мәселені шұғыл шешуге қанша тырыссақ та, жағдайды көріп отырсыздар - Тоқаев

Дина Шарипханова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасының өсуі мен ауыл шаруашылығын субсидиялау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасының өсуі мен ауыл шаруашылығын субсидиялау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы азық-түлік бағасының өсуі - әлем нарығында болып жатқан күрделі мәселе екенін айтты. Әлемде барлық тауардың бағасы шамамен 40-50 пайызға қымбаттаған.

"Біздің еліміздегі қордаланған мәселелердің салдарынан азық-түлік қымбаттап отыр. Бұл мәселені шұғыл шешуге қанша тырыссақ та, жағдайды өздеріңіз де көріп отырсыздар. Аталған мәселені жүйелі түрде шешуіміз қажет. Ауыл шаруашылығы саласына қыруар қаржы бөлсек те, азық-түліктің басым бөлігін сырттан аламыз. Өзге елдер субсидияның не екенін де білмейді. Білсе де, дәл осындай мол қаржы бөлінбейді. Бір жағынан, адамдарды босаңсытып жібердік, екінші жағынан сыбайлас жемқорлыққа жол беріп алдық. Бұл мәселемен түбегейлі айналысуымыз керек. Мен Үкіметке, Ауыл шаруашылығының жаңа министріне міндет жүктедім", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда инфляцияның жеделдеу себептері туралы айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная