Мәсімов Баян Өлгийге барды

Мәсімов Баян Өлгийге барды © twitter.com/KarimMassimov

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Моңғолиядағы Баян Өлгийге барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, кеше ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Баян Өлгийдегі селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетілетінін хабарлаған болатын.

Бүгін Үкімет басшысының Twitter желісіндегі парақшасында Мәсімовтің Моңғолияға барған сапарынан суреттер жария болды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 10 шілдеде Моңғолияның этникалық қазақтар шоғырланған Баян-Өлгий қаласында сел жүріп, 100-ден аса үй қираған еді. 700-ден аса адам баспанасыз қалды. Екі адамның қаза тапқаны хабарланды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама