Мәсімов мемлекеттік органдарға су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

Кәрім Мәсімов. © Тұрар Қазанғапов

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысы барысында мемлекеттік органдарға еліміздің су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне баса көңіл бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биылғы жылдың алты айының ішінде 198 адам суға кеткен, оның ішінде 82-сі бала, бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқанын білгім келеді", - деп сұрады Мәсімов.

"Шынымен де, жыл басынан бері елімізде 198 адам суға кетті, оның ішінде 82-сі бала, өткен жылы 265 адам батып кеткен болатын, төмендеу байқалады, шаралар қолға алынуда. Елімізде 50 мың су қоймасы бар, оның біздің құтқарушыларымыз жұмыс істейтін 125-і ғана жарақталған. Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы мәселемен айналысудамыз. Негізгі себеп - су қоймаларының жарақталмауы және балалардың қараусыз қалуы, суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы. Бәрін қорытындылап, баяндайтын боламыз", - деді ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Реклама
Реклама

"Иә, облыс әкімдерімен бұл мәселені пысықтау қажет. Қазір облыстар бойынша қарастыратын боламыз, жалпы, бұл мәселені қадағалау керек, ол екінші кезекте қалып, адамдар опат болуда", - деп тапсырды Мәсімов. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама