21 тамыз 2024 | 08:48

"Маска құтқармайды". ДДҰ маймыл шешегінің қалай жұғатынын айтты

Фото: depositphotos.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге маска ДДҰ халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялаған ауру - маймыл шешегінен құтқармайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Российская газетаға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге маска ДДҰ халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялаған ауру - маймыл шешегінен құтқармайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Российская газетаға" сілтеме жасап.

Клюге вирус теріге тиген кезде, әсіресе жыныстық қатынас кезінде, бойында инфекция бар жануардан жұғуы мүмкін екенін еске салды. Вирус ауа тамшылары арқылы да таралуы мүмкін. Вирусты жұқтырған заттар, мысалы, сүлгілер немесе төсек-орын жабдықтары да қауіп төндіреді.

ДДҰ өкілі маймыл шешегі коронавирус сияқты қауіп төндірмейтінін және биліктің бұл аурудың таралуына қарсы әрекеттері бүкіл әлем үшін күш сынағы болатынын атап өтті.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, бүгінде Еуропа аймағында ай сайын Mpox вирусын жұқтырудың 100-ге жуық жаңа жағдайы тіркеліп отыр. Осыған қарамастан, Еурокомиссияның Денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік комитеті Еуропалық одақта маймыл шешегінің таралу қаупінің алдын алу үшін шекара бақылауын енгізудің немесе бүкіл қоғамдастықта вирусқа қарсы вакцинацияны бастаудың қажеті жоқ деген қорытындыға келді.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, халықтың жалпы топтары үшін аурудың қаупі төмен. Сарапшылар қазіргі уақытта вирустың Еуропаға әсері аз деп санайды, бірақ маймыл шешегі туралы халықтың хабардарлығын арттыруды, тестілеуді және науқастардың байланысын бақылауды ұсынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная