14 тамыз 2020 | 13:56

Маска тағу тәртібі сақталады - бас санитар дәрігер

© REUTERS

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова дүйсенбі, 17 тамыздан бастап қандай нысандар ашылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова дүйсенбі, 17 тамыздан бастап қандай нысандар ашылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тұрғындарға қоғамдық орындарда, қызмет көрсету, демалысқа арналған үй-жайларда бетперде тағу жөніндегі талап сақталады", - деді Есмағамбетова ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, карантин шараларын төмендетудің бірінші кезеңінде ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салу әлі де сақталады.

"Кеше комиссия отырысында халықтан көптеген сұрақ келіп түсті. Біз карантин шараларын жеңілдетсек, онда барлық нысанның қызметіне және барлық ойын-сауық шарасын өткізуге рұқсат береміз деген қате пікір бар. Тағы бір рет айтқым келеді, халықтың жиналуы және инфекцияның жұғуы мен таралуы тұрғысынан өте қауіпті барлық іс-шараға тыйым салынады", - деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, түнгі және ойын клубтары, бар, караоке, фуд-корт, кинотеатрлар және балалар мен ересектерге арналған барлық ойын-сауық орындарының жұмысына тыйым салынады.

Діни нысандар, мәдениет орындары, мұражайлар, бассейн, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер жұмыс істемейді, конференция, көрмелер мен форумдар өткізуге де тыйым салынады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная