ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2021 | 08:59
"Масқара!". Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі "Хабар 24" журналисінің оқиғасын назардан тыс қалдырмауға шақырды
"Қазақстандық Медиа Альянс" Алматы әкімдігінде болған "Хабар 24" журналисінің оқиғасын назардан тыс қалдырмауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазақстандық Медиа Альянс" Алматы әкімдігінде болған "Хабар 24" журналисінің оқиғасын назардан тыс қалдырмауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президенттің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында Қанат Сахариянов кеңестің келесі отырыстарының күн тәртібіне БАҚ-ты дамыту бойынша мәселелер блогын енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанда сапалы заңдар бар, бірақ олардың орындалуы ақсап тұр, сондықтан жергілікті шенеуніктер журналистерге осылай жасайды.
"Журналист қандай да бір әкімнен пікір алғысы келсе, халыққа есеп беруден қашпаңыз. Бірақ олар тілшіні көшеге шығарып тастайды. Мұны қалай айту керек екенін де білмеймін. Масқара! Иә! Мен әріптестеріммен кеңесіп, Қазақстандық медиа альянстың атынан, Телевизиялар қауымдастығының атынан, сізден осыған назар аударып, реакция беруіңізді сұраймыз", - деді ҚР Президенттің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қанат Сахариянов.
Айта кетейік, "Хабар 24" журналисі Алматыда әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылғаны хабарланған болатын. Оқиғаның видеосын тілші Facebook-парақшасында жариялады. Бұл жағдай бүкіл БАҚ өкілдері мен ел назарын аудартты. Кейінірек Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі жағдайға түсінік берді.
Сондай-ақ, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева оқиғаға қатысты Facebook-парақшасында жазба жариялады. Ол Алатау облысы әкімдігіндегі күзет қызметкерінің әрекеті заңсыз екенін жазды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также