16 қараша 2020 | 10:41

"Маскасыз жүргендерді суретке түсіріп алады". Қазнетте фейк хабарлама тарады

© Тұрар Қазанғапов

Қазнетте маска тақпағандарға айыппұл салынып жатқаны туралы жалған хабарламалар тарап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазнетте маска тақпағандарға айыппұл салынып жатқаны туралы жалған хабарламалар тарап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері айыппұл салудың мұндай схемасы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Реклама
Реклама

"Полиция қызметкерлерінің бақылау топтарымен бірге ойын-сауық орындарын, кейде көшеде адамдарды тексеретіні рас. Бірақ ережебұзушылық анықталған жағдайда олар рапорт дайындап, құқықбұзушыдан жазбаша түрде түсініктеме алуы керек. Содан кейін барлық құжат өңірлердегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қарауына ұсынылады. Cонда ғана айыппұл салынады. Фотосурет бойынша ешкім айыппұл салмайды", - деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная