Мәскеу-Алматы бағытындағы ұшақтан ақау шығып, шұғыл қонды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Мәскеу-Алматы бағытында келе жатқан жолаушылар ұшағы тежеу ​​жүйесіндегі техникалық ақау туралы сигналдан кейін Шереметьево әуежайына шұғыл қонды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН.ТВ телеарнасына сілтеме жасап.

"Мәскеу-Алматы рейсі ұшу барысында оң жақ тежеу ​​жүйесінің істен шыққаны туралы хабарламаға байланысты Шереметьево әуежайына қайта оралды", - делінген хабарламада.

Телеарна мәліметінше, ұшақтың қонуы қалыпты режимде өткен, зардап шеккендер жоқ. Оқыс жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама