ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 қазан 2016 13:21
Мәскеуде Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту мәселелері талқыланды
ЕЭК Кеңесінің жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.
Тараптар екі ел арасындағы ғарыштық және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың даму келешегі мен қазіргі жағдайын қарастырды.
Бұдан өзге, "Байқоңыр" кешеніндегі әрі қарайғы ынтымақтастық жөніндегі қол қоюға әзірленіп жатқан құжаттар бойынша нақты сұрақтар талқыланды: "Байқоңыр" кешеніндегі ынтымақтастықты жалғастыру Тұжырымдамасын дайындау туралы, Байқоңыр қаласының статусы туралы мемлекетаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы және т.б.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардағы барлық спектр бойынша ынтымақтастықты әрі қарай нығайтудың қажеттігі туралы ниеттерін білдірді.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу