Мәскеуде Жомарт Ертаевпен байланысы бар "Алмател" бас директоры қамауға алынды

Александр Гадалов. Фото:cableman.ru

Мәскеуде "Алмател" телекоммуникациялық операторының бас директоры Александр Гадалов қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәскеуде "Алмател" телекоммуникациялық операторының бас директоры Александр Гадалов қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәскеу сотының сайтында 12 қыркүйекте қаланың Таганский аудандық соты Гадаловты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын тағайындағаны туралы хабарланған. Оған Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 159-бабы, 4-бөлігі ("ұйымдасқан топпен немесе аса үлкен мөлшерде немесе азаматтың тұрғын үйге құқығынан айыруға әкеп соққан алаяқтық") бойынша айып тағылды. 23 қыркүйекте Гадалов бұл шешім үшін қалалық сотқа шағымданды. Қазіргі уақытта іс судьяның қарауында жатыр.

"Алмател" қазақстандық "Алма Груп" компаниясына жатады. Оның иесі бұрын Ресейден Қазақстанға экстрадицияланған Жомарт Ертаев болған. Сnews.ru басылымының мәліметінше, Гадаловты тұтқындауға сұрауды Қазақстан ІІМ жіберген және бұл Ертаевтың әрекеттерімен байланысты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот отырысы аяқталды. Прокурор экс-банкир Жомарт Ертаевқа қатысты 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама