20 наурыз 2021 | 12:48

Мәскеуде қаза болған студент қыздың анасы Тоқаевтан көмек сұрады

Мәскеуде қаза болған студент Томирис Байсафаның анасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Ол Мемлекет басшысынан сот ісі әділ қаралуын және алқабилерге жасалуы мүмкін қысымды болдырмауды Ресей тарапына жеткізуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Жанна Ахметова Instgram-да жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәскеуде қаза болған студент Томирис Байсафаның анасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Ол Мемлекет басшысынан сот ісі әділ қаралуын және алқабилерге жасалуы мүмкін қысымды болдырмауды Ресей тарапына жеткізуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Жанна Ахметова Instgram-да жазды.

Ол тергеу аяқталғанын, М. Меджидовтың кінәсі толық дәлелденгенін айтты. Айыптау қорытындысын прокуратура мақұлдады. Мәскеу қаласының Никулин аудандық сотында алдын-ала отырыс 2021 жылдың 23 наурызына жоспарланған.

"Менің ойымша және тергеу тобының пікірінше, судьялар мен алқабилерге қысым жасалуы мүмкін деген алаңдаушылық бар, біздің және Бас тергеу басқармасының еңбегі еш кетуі мүмкін", - деп жазды Ахметова.

Реклама
Реклама

Ол Президенттен Ресей тарапына сот ісін әділ жүргізу және алқабилерге қысым жасауды болдырмау туралы өтінішін жеткізуді сұрады. 

"Қазір маған сіздердің көмегіңіз ауадай қажет. Мен баласы бар, оқиғаға бей-жай қарамайтын адамдардан, достарымдан, блогерлерден осы ақпаратты Ресей мен біздің елдегі БАҚ-қа таратуға көмектесуді сұраймын, бала өлтіру ісі әділ аяқталуы тиіс", - дейді ол.

2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа белгісіз жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап түсті. Қыздың көптеген жері сынып, көп қан жоғалтты. Сол жылдың 3 мамырында ол Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.

Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталды. Бұған дейін тергеу комитеті "Өзін-өзі өлтіруге жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная