ПОДЕЛИТЬСЯ
25 наурыз 2024 | 11:23
Мәскеудегі ғимаратқа теракт жасаған лаңкестерге қанша төленгені белгілі болды
"Крокус Сити Холл" ғимаратына шабуыл жасаған террористер 500 мың рубль алуы керек еді. Бұл бұрын айтылған әрқайсына төленетін сома емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Крокус Сити Холл" ғимаратына шабуыл жасаған террористер 500 мың рубль алуы керек еді. Бұл бұрын айтылған әрқайсына төленетін сома емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін күдіктілердің бірі Шамсидин Фаридуни қамауға алынғаннан кейін бірден жауап алу кезінде 500 мың рубль (2,4 миллион теңге) көлемінде алым төлегенін айтқан. Көбі әрқайсына 500 мың рубль төленген деп оның сөзін қате түсінген.
"Известия" басылымының мәліметінше, сонымен қатар "Крокус Сити Холл" ғимаратына жасалған шабуылға қатысқан екі террорист Түркияға барған кезде нұсқау алған болуы мүмкін. Терактінің қалған қатысушылары табылып, Ресей аумағында қылмысқа қатысы бары айтылды.
"Бұл классикалық мағынада террористердің, фанаттардың қараусыз қалған ұясы емес еді, керісінше, олар 2-3 аптаның ішінде бұл фанаттарға айналды. Барлығын қашықтан басқаруға болады. Бұл кездейсоқ таңдалған "ақылды және сыни ойлау деңгейі өте төмен орындаушылар. Бұл жұмысқа алудың және психологиялық қысымның алуан әдістерін жетік меңгерген олардың кураторларына такси жүргізушілері мен шаштараздарды террорист етуге мүмкіндік берді", - деп түсіндірді "Известия" газетіне терроризмге қарсы қауіпсіздік саласындағы маман.
Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады. Атыс кезінде ғимаратта 6200-ге дейін адам болуы мүмкін – сол күні болуы керек концертке билеттер түгелге жуық сатылып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, 133 адам қаза тауып, тағы 140 адам жараланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также