ПОДЕЛИТЬСЯ
21 тамыз 2021 | 17:37
Мәскеудегі кездесуде Тоқаев пен Путин не туралы сөйлесті?
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, қауіпсіздік мәселелері өте маңызды екенін мәлімдеді және алдағы дүйсенбіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) аясында өтетін кездесуге үміт білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, қауіпсіздік мәселелері өте маңызды екенін мәлімдеді және алдағы дүйсенбіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) аясында өтетін кездесуге үміт білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ауғанстандағы жағдай
"Қазір ең маңызды мәселелердің бірі - қауіпсіздік мәселесі. Әсіресе, Ауғанстанда қазір болып жатқан оқиғаларға байланысты.
Дүйсенбіде ҰҚШҰ аясында бейнеконференция режимінде жиналамыз деп үміттенемін", - деді Путин.
Сондай-ақ, ол ҰҚШҰ мен қыркүйектің ортасында жоспарланған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында жұмыс жасалатынын айтты.
Екі ел арасындағы қарым-қатынас
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік рухында табысты және қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
"Қазақстан мен Ресей одақтас, халықаралық күн тәртібі, қауіпсіздік мәселелері және екіжақты ынтымақтастық мәселелері болсын, күн тәртібінің барлық мәселесі бойынша тұрақты жұмыс істейді.
Елдер арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік рухында табысты дамып келе жатқаны қуантады", - деді Тоқаев.
Ол елдер арасындағы байланыстар ешқашан үзілмегенін айтты. "Тіпті пандемия кезінде біз желіде жұмыс істедік, телефон арқылы сөйлесіп отырдық", - деп қосты Тоқаев.
Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы
Сонымен қатар, әңгіме барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей Федерациясының аймақаралық ынтымақтастық форумы қазанда жеке немесе онлайн түрде өтеді деп үміттенетінін айтты.
Бұған дейін Көкшетауда екі мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін жыл сайынғы форум 2020 жылғы қарашаның екінші онкүндігінде өтеді деп болжанған еді, бірақ эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты кейінге шегерілді. Ақпанның ортасында Ресей президенті Владимир Путин мен Тоқаев биыл форумның Көкшетауда өтетініне келісті, іс-шараның формасы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Наурызда Қазақстан үкіметі іс-шараны 2021 жылдың екінші жартысына жоспарланғаны хабарланды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәуірдің басында Қазақстанға жұмыс сапары кезінде Ресей кез келген жағдайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты президенттердің қатысуымен бір форматта форум өткізуді көздейтінін айтты.
"Біз сіздермен кездесуді, шекаралас аймақтардың форумын жоспарладық. Ол жеке форматта болмаса, кем дегенде онлайн режимінде қазанда өтеді деп сенемін. Адамдар күтіп отыр, бұл біздің одақтастық қатынастарға серпін беру тұрғысынан өте маңызды", - деді Тоқаев сенбіде өткен Путинмен кездесуде.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездескені хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также