12 наурыз 2015 12:50

Мәслихат депутаттары сайлауына 196 кандидат қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©uhhan.ru ©uhhan.ru

59 сайлау округінде мәслихаттардың босаған орнына депутаттарды сайлауға 196 кандидат қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


59 сайлау округінде мәслихаттардың босаған орнына депутаттарды сайлауға 196 кандидат қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кандидаттардың 60-ы - саяси партиялардың мүшесі. 136-сы - өзін-өзі ұсынушылар, олардың 72-сі партия қатарында жоқ, тағы 47-сі өздерінің қандай партияға тиесілі екенін көрсетпеген. "Тіркелген кандидаттардың арасында 9 ұлттың өкілі бар. Олардың орташа жасы - 42. 152 кандидат (84,9 пайыз) – жоғары білімді, 22 кандидат - (12,3 пайыз) арнайы орта білімді және 5 кандидат (2,8 пайыз) – орта білімді. Кандидаттардың 55,3 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда, 33,5 пайызы коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, 6,1 пайызы - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкері, 5,1 пайызы басқа кәсіп түрлерімен айналысады", - делінген хабарламада. 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңның 101-бабы 4-тармағына сәйкес мәслихат депутаттарын сайлау 29 наурыз күні республиканың 14 өңірінде өтеді. Барлығы 59 депутат сайланады: Астана мәслихатының 1 депутаты, облыстық мәслихаттың 8 депутаты, қалалық мәслихаттың 10 депутаты және аудандық мәслихаттың 40 депутаты.
 
Қазіргі уақытта күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталды, ол 28 наурызда сағат 00.00-де аяқталады. Сайлау болатын күннің алдындағы күні және дауыс беру күні сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады. 14 наурыздан бастап учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларындағы азаматтар сайлаушылар тізімдерімен таныса алады, ондағы өздері туралы мәліметтерді тексеруі мүмкін және қателер жіберілген жағдайда түзетулер енгізуді талап етеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети