ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сәуір 2022 | 13:52
Мәулен Әшімбаев 10 сотық жер берудегі мәселе туралы айтты
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 10 сотық жер беру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 10 сотық жер беру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жалпы, берген жоқпын (10 сотық жер алуға өтініш - еск.). Бұл азаматтардың құқығы, мәселе Қазақстанда жер жоқтығында емес қой, мұнда азаматтарға да дұрыс түсіндіру керек. Біз байтақ елміз, жеріміз жеткілікті, 10 сотық жерді қазақ азаматтарына үлестіруге болады. Менің ойымша, бұған кезең-кезеңімен келеміз, бірақ мәселе бұл жерде байланыс болу керек екенінде, онда жолдар, жарық, су, кәріз жүйесі болуы керек", - деді Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, "байланысқа қатысты депутаттар білетін және көтеретін мәселелер бар".
"Жыл сайын коммуникация құрылысына белгілі бір қаржы бөлініп, бұл жұмыстар жалғасады. Сондықтан да бірте-бірте, кезең-кезеңімен әкімдіктер, Үкімет бұл мәселені шешіп, тілек білдірген азаматтардың бәрі жекеменшік тұрғын үй құрылысына қажетті жер телімін алады деп сенеміз", - деп түсіндірді Әшімбаев.
Тегін 10 сотық жер туралы не білу керек? Маңызды 9 сұрақтың жауабы
Бұған дейін жер телімін алу үшін қазақстандықтар жергілікті әкімдіктерге жүгініп, кезекте тұрғандар әкімдіктерде сақталатын. Енді бұл қызмет eGov.kz порталында ашылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также