Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды

Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті достар! Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын", - деп жазды Сенат депутаты.

Әшімбаев пандемия екпіні әлі бәсеңдемегенін айтты.

Реклама
Реклама

"Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама