Маусымнан бастап ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда маусымның басынан бастап ХҚКО мен арнайы ХҚКО-ларда өзгерістер болады, олар 20:00-ге дейін және сенбі күндері жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" филиалына сілтеме жасап.

Алматыда маусымның басынан бастап ХҚКО мен арнайы ХҚКО-ларда өзгерістер болады, олар 20:00-ге дейін және сенбі күндері жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" филиалына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, кезекшілік кесте бойынша келесі мекенжайлардағы ХҚКО-лар жұмыс істейді:

  • Әуезов ауданы бөлімі – Жандосов көшесі, 51;
  • Наурызбай ауданы бөлімі – Шұғыла шағынауданы, 347/1;
  • Түрксіб ауданы бөлімі – Рихард Зорге көшесі, 9.
Реклама
Реклама

Сонымен қатар, азаматтарды екі кезекші мамандандырылған ХҚКО қабылдайды:

  • Саялы шағынауданы – Аққайнар көшесі, 1;
  • Кемел шағынауданы – Ақсуат көшесі, 118.

Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ке дейін жұмыс істейді.

"Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері өтініштерді 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күндері өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ке дейін беріледі", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қалған барлық ХҚКО және арнайы ХҚКО-лар стандартты кесте бойынша жұмыс істейді: дүйсенбіден жұмаға дейін, 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі – демалыс күні.

"Бірқатар мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде де алуға болады – электрондық үкімет порталы, "ЦОН" мобильді қосымшасы және екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы", – деп нақтылады хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама