ПОДЕЛИТЬСЯ
29 наурыз 2021 | 11:36
Майғазиев "жемқор" деп жала жапқандарды сотқа беретінін мәлімдеді
Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы, әнші Сәкен Майғазиев жемқор деп жала жапқандарды сотқа беретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы, әнші Сәкен Майғазиев жемқор деп жала жапқандарды сотқа беретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Бюджет бекіткен қаржы әлі бөлінген жоқ, қолымызға бір тиын да тиген жоқ" деп соқырға таяқ ұстатқандай қылып түсіндіріп жатсаң да, түсінбейтіндердің көп екені жүрегімді ауыртады. Ғайбаттап, қарғап-сілейтіндерді оқып, түнімен ұйықтай алмай шығамын. (...) Ал жария түрде жер жаhанға жар салып, маған жала жауып, "жемқор", "тонады", деп негізсіз, дәлелсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін", - деп жазды Сәкен Майғазиев.
Айта кетейік, бұған дейін қоғамда мерекеге бөлінген қаражат есебі күмән туғызып, Orda.kz басылымының журналисі Мият Кәшібай Facebook желісінде 40 миллион теңге жұмсалған айтыс мәселесін көтерген, кейін Zertteu Research Institute қоғамдық қоры Шымкентте Наурызға 565 миллион теңге жаратылғанын жазған. Зерттеуге қарағанда, барлығы 6 сатып алу өткен. Тапсырыс беруші - "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметке сүйенген қордағылар мынадай шараларға қаражат бөлінгенін жазған:
- Шымкент қаласының мәдени нысандарын әлеуметтік желілерде тарату - 22,9 миллион теңге;
- "Наурыз айтыс" - 40 миллион теңге;
- "Open Art gallery" - Айқап журналының құрылғанына 110 жыл" - 50 миллион теңге;
- "Дәстүрлі ән мен жырлар" - Дина Нұрпейсова" - 50 миллион теңге;
- "Bala дауысы, Super Live, Жұлдызай" іс-шарасы - 80 миллион теңге;
- "Шымкент қайырымды қала" - ұлыстың ұлы күні" - 322,2 миллион теңге.
Кейін Майғазин баспасөз мәслихатын өткізіп, бұл ақпаратқа байланысты пікір білдерген. "Музарт" тобының әншісінің айтуынша, 572 миллион теңге (565 миллион емес) - жыл бойы мәдени іс-шаралар өткізуге бөлінген қаржы. Соның ішінде Наурыз мерекесінде 10 күн бойы өткен 103 іс-шараға 213 миллион теңге жұмсалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также