ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ақпан 2020 | 09:00
Майк Помпео елордаға келді
1 ақпанда кешкі уақытта АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға іс-сапармен келді. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналында айтылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келді", - делінген хабарламада.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, жексенбі, 2 ақпанда Помпео республиканың сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайтын болады.
Майк Помпео Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі жоспарланған.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайында © MFA Qazaqstan
Показать комментарии
Читайте также